«Жұмыстардың бәрі құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуде және оны 15 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген»,- делінген хабарламада. Қаладағы Әуезов көшесінің Абай даңғылынан Дүкенұлы көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұдан бұрын хабарлағандай, жол тамыз айының соңына дейін ашылуы тиіс болатын. Бірақ елордада жол-құрылыс жұмыстарының сапасын тексерумен айналысатын «Бюро Веритас» халықаралық компаниясы қосымша жұмыстардың қажет екендігін атап өтті. Атап айтқанда, жылу трассасын төсеу, қазіргі жылу трассасы мен су құбырларының инженерлік желілерін ауыстыру және күшейту жұмыстары жүргізіледі. Тексеру барысында жолдың жүретін бөлігінен жарамсыз топырақ анықталды. Оны ауыстыру үшін жөндеу жұмыстарының кестесі ұзартылды.
17:45, 03 Қыркүйек 2014
Астанада Әуезов көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Астанада Әуезов көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында аяқталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында.