деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға Астана әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов, Ауған соғысы ардагерлері мен «Нұр Отан»ХДП өкілдері қатысты.
Астана мектептерінде 2010 жылы Ауған соғысында бейбітшілік үшін өмірлерін қиған жауынгерлерге арнап осындай 7 тақта орнатылатын болады.
2009 жылы Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 20 жыл толды. Ол соғысқа 22 мыңнан астам отандасымыз қатысып, оның 926-сы қайтыс болып, 21-і хабарсыз кеткен. Соғыс құрбандарын еске алып, тірісін қолдау парыз.
Ауғанстан жерінде Александр Коробейников 1981 жылы, ал Рудольф Моос 1980 жылы оққа ұшқан болатын. Қаза тапқаннан кейін оларға «Қызыл жұлдыз» ордені берілді.