Іс-шараға түрлі саладағы 50 компания мен ұйым қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке көптеген жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, қызықтырған сұрақтарын қоюға және алғашқы әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ аудан көлемінде жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.
Айта кетелік шілдеде жұмыс берушілер Enbek.kz сайтында 104 мыңнан аса бос жұмыс орнын жариялады.