Турнирдің ашылуы Ш. Айманов көшесіндегі спорт алаңдарының бірінде өтті. Ашылу рәсіміне 800-ден астам қала тұрғыны қатысты. Турнирге қатысуға 70 құрама ниет білдірген. Алғашқы күні баскетболдан 13, шағын футболдан 5 құрама өзара шеберлік байқасады.
Турнир жеңімпаздары Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы атынан сыйлықтарға ие болды. Шара маусымның 26 дейін жалғасады.