Әйел ауруханаға жатқызылған кезде өзімен бірге алтын сырғасы мен алқасын алып келген. Алайда біраз уақыттан кейін оның туыстары зергерлік бұйымдардың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол медициналық мекеменің бұрынғы қызметкері, 22 жастағы азамат болып шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға үндеді. Заттардың жоғалғанын байқасаңыз, дереу полицияға хабарласу қажет.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткенін жазғанбыз.