Астанада аутизмі бар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық марафоны өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Астананың Триатлон паркінде өтетін екінші «Run for autism» қайырымдылық жүгіруге 2 мыңнан астам адам тіркелген.
Қайырымдылық жүгіру аутизм туралы ақпаратты тарату мақсатында, аутизмі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатымен «Болашақ» корпоративтік қоры серіктестердің қолдауымен өткізеді. Жиналған қаражат балабақшаларда аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады. 2023 жылдың сәуірінде бірінші қайырымдылық жүгірісінен түскен қаражатқа «Болашақ» қоры Астана қаласы №54, №60 және №66 балабақшаларында үш инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтады. Аутистік спектрінің бұзылыстары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс оқиды.
Жүгіріс 1 км., 2,5 км., 5 км. және 10 км төрт қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысу бағасы 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін. Форматы: офлайн, онлайн. Жүгіріске кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары және т.б. қатысады.
Жүгіріске Қазақстанның 17 қаласынан 2300 адам тіркелді. Онлайн жүгіріске 8 қаладан 14 адам тіркелді. Жүгіріс қонақтары: ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов, арнайы күш нөмірлері бойынша төрт дүркін рекордсмен, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені палуан Сергей Цырульников және басқалары.
Іс-шара шегінде аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.
Жүгіріске қатысушылар арасында бағалы жүлделер: смартфондар, премиалды киім брендтерінің, кофеханалардан, стоматологиялық клиникалардан, жүзу мектебінен сыйлық сертификаттары, фитнесс-орталығынан бір жылдық абонемент және т.б. ұтыс ойынында тартылады.
«Run for autism» қайырымдылық жүгірісі Астана қаласының әкімдігінің, «Amanat» партиясының, «ERG» компаниялар тобының, «Integra Construction» компаниясының, «NAK» құрылыс холдингінің, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісінің, «Myd Production» компаниясының, «G-life» ауыз суының, «K-cell» компаниясының, «Argymaq» премиалды брендінің, «ZAVOD» ивент агенттігінің, «NV Clinic» стоматологиясының, «Teethalign» компаниясының, «Templ» фитнесс орталығының, «WOW Swim» жүзу мектебінің, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінің, «SL» компаниясының, Қазақстандық спортшылар кеңесінің «Nomad Triathlon Club», «My Start», Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен өтеді.
Ақпараттық серіктестер: «NUR Media» медиахолдингі, «Казақапарат» ХАА, «Jibek joly» телеарнасы, «Sxodim», «А98 – новости Астаны», «Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы, «Smartnews» порталы, «Super Kyz», «Бегу баста».
Run for autism — аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Run for autism форматтары: марафон, жартылай марафон, триатлон, жүгіріс және т.б. Олар әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б.