Астанада ауыл шаруашылығындағы жетістіктерге арналған «Қараөткел-2012» жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Астанада 20-21 шілде күндері агроөнеркәсіп кешеніндегі жетістіктерге арналған жыл сайынғы «Қараөткел-2012» жәрмеңкесі өтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, жәрмеңке «METRO» халықаралық көтерме сауда орталығы аумағында өтеді.

Шараның ашылу салтанатына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов,  Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басшылары мен аймақ жетекшілері қатысады деп күтілуде.

Жәрмеңкеде тұқымдық мал, АӨК арналған заманауи техника мен қондырғылар, сүт, ет, макарон және тағы да басқа ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады.