Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 22 сәуірде Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облысының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу маусымы басталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ертеңнен бастап, әр демалыс сайын елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып ала алады. Жәрмеңке 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін «Думан» ОСО (автотұрақ) алдында өткізіледі.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20-дан астам түрі ұсынылады. Атап айтқанда, картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.