Жәрмеңкеде негізгі азық-түлік өнімдерінің 25-тен аса түрі ұсынылады, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қоса қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон бұйымдары сатылады.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар қала нарығындағы бөлшек сауда бағаларынан төменірек бағада сатылатын болады.
Жәрмеңкелер апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Сауран к-сі, 7, Абылай хан даңғылы, 20а, Қосшығұлұлы к-сі, 16 мекенжайларында өтеді.