деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Туризм және спортминистрлігінің баспасөз қызметі.
Шараның бастамашы да, ұйымдастырушысы да - ауыр атлетикадан 2008 жылғы олимпиада чемпионы, жасөспірімдер және ересектер арасындағы екі мәрте әлем чемпионы (2005 және 2006 ж.ж.), «Құрмет» орденінің иегері Илья Ильин.
Президенттің бірінші Кубогына ойнауға ауыр атлетиканың әлемдік жұлдыздары шақырылған, олар: Халил Мутлу (Түркия) - үш мәрте Атланта (1996ж.), Сидней (2000ж.), Афина (2004 ж.) олимпиадалары чемпионы, Низами Пашаев (Әзірбайжан) - 2005 жылғы әлем чемпионы, Маттиас Штайнер (Германия) - 2008 жылғы олимпиада чемпионы, Шимон Колецкий (Польша) - 2000-2008 жылдарғы олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем рекордшысы, Арсен Касабиев (Грузия) - 2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және басқа да танымал штангашылар. Аталған турнирге әлемнің 15 елінің атлеттері қатысады деп жоспарлануда.