АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу қарсаңында Астанада «Біз Президентпен біргеміз!» акциясын автомобиль май құю стансалары мен қала орталығындағы сауда ойын-сауық орталықтарында және № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 автопарктерде өткізу жоспарлануда, -деп хабарланған елорданың ресми сайтында.
Фирмалық белгі таққан волонтерлер «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент Күні» стикерлерін қаладағы автокөлік құралдарының, сондай-ақ барлық қоғамдық жолаушы тасымалдау көліктерінің әйнектеріне жапсырып, акцияның шарттарын түсіндіретін болады.
Викторинаның ең белсенді қатысушыларына кәдесыйлар тапсырылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.