Астанада автобус апатынан зардап шеккен 15 адам ауруханаға жеткізілді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада қоғамдық көлік бағанаға соғылып, бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 

— № 70 автобустың бағанамен соғуы салдарынан 15 адам зардап шекті, оның ішінде жүргізуші де бар. Жүргізуші автобуста қысылып қалған және өздігінен шыға алмаған, оны құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен құтқарды. Апат болған жерге жедел жәрдем бригадасы барды. Зардап шеккен жандар № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір пациенттердің жағдайын дәрігерлер тексеріп жатыр. 

— Зардап шеккендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер жоқ, - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұған дейін Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған.