«Апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Еуразия» сақтандыру компаниясы жедел желі ашты. Барлық зардап шеккендер, оның ішінде медициналық көмектен бас тартқан адамдардан мына: 7 (727) 258 43 36 (ішкі 3133, 3039) телефондары бойынша хабарласуларын сұраймыз», - делінген сақтандыру компаниясының ақпаратында.
Астана қалалық «№1 автобус паркі» АҚ жауапкершілігі міндетті сақтандырудың екі түрі бойынша сақтандырылғаны хабарланады, атап айтқанда, көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, сондай-ақ жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (61 млн теңге жауапкершілік лимитімен). Екі полис бойынша да сақтандырушы «Еуразия» сақтандыру компаниясы болып табылады. Еске сала кетейік, 19 шілде күні Астанада сол жағалауда №10 маршруттық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, автобус көшедегі жарық бағанасына соғылған, зардап шеккендер бар. Автобус Медиаорталықтың қарсы бетінде орналасқан аялдамаға шығып кеткен, содан кейін 100-150 метрдей жүріп, тротуарға шыққанда көше декорациясына соғылған. Жүргізушінің айтуынша, көзі бірден қарауытып кеткен.