Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді
17:30, 08 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автобус бағыттарының бірі қозғалыс кестесін уақытша өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қалалық көлік жүйелері» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №72 бағыттың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді», - деп атап өтті CTS компаниясы.
Мекеме астаналықтар мен елорда қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Төменде өзгертілген маршрут бағытын көре аласыз.