Бүгін таңертең әлеуметтік желіде қала ішінде автобусқа шабуыл жасалды деген ақпарат тараған болатын. Интернетке орналастырылған видеода терезелері сынған автобусты көруге болады. Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, автобус жол апаты салдарынан бүлінген.
«Бүгін таңғы сағат 08.30-да Дүкенұлы көшесінде жол апаты болды. «Киа» маркалы автокөлік автобуспен соқтығысты. Автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Апат салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Автобустың терезелері сынған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.