Астанада автобустардың екі аялдамаға тоқтауға мүмкіндігі жоқ

АСТАНА. KAZINFORM — «Восток ТК», «Балауса ТҮК» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып, түсірмейді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Еске сала кетейік, Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады.

Бұған қоса елордада жол жөндеу жұмысына байланысты 16 мамыр сағат 21:00-ден 18 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Жаңажол көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.