"Астана тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдау өткізіледі. Шараның мақсаты - өзекті проблемаларды анықтау және оны айтылған шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы шешу жолдарын қарастыру.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселе - қоғамдық көліктің жұмысы.
Осыған байланысты 20 тамыз 2018 жылы қалалықтарды қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақырамыз. Тақырып - жол ақысын SMS арқылы қосымша төлеудің тәсілдерін енгізу мәселесі" делінген хабарламада.
Тыңдалымның өтетін уақыты мен орны: 20 тамыз, 16:00, Астана қалалық мәслихат отырысының залы, Бейбітшілік к, 11, 2-қабат.