АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астанада автотұрақтарының бірінде жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«1 ақпан күні таңғы 08:12-де Астана қалалық ТЖД «101» пультіне Volkswagen Passat маркалы автокөліктің өртенуі туралы хабар келіп түсті. Өрт 08:22-де тоқтатылып, 08:29-да толық сөндірілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД 1 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.