Автомотоспорт федерациясының ұйымдастыруымен және Астана әкімдігінің қолдауымен өткен бұл жарысқа «Астана Моторс» компаниясы бас демеуші болды.
Федерация өкілдерінің айтуынша, бұл жарысты өткізудегі басты мақсат - жастар мен автоәуесқойлардың арасында автокөлік спортын дамыту, сондай-ақ жүргізушілік тәртіпті тәрбиелеу болып табылады.
Чемпионаттың екінші айналымында Астана өкілі Николай Филимонов жеңіске жетіп отыр. Ол қазан айында Теміртауда өтетін жарыстың қорытынды кезеңіне қатысады.