«3 шілде күні сағат 02.00-де Тұран көшесіндегі көпірдің астында «Chevrolet aveo» маркалы автомашинаның жүргізушісі рулге ие бола алмай, өзенге құлап кетті. Зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.
Оның ақпараты бойынша, көлік арнайы техниканың көмегімен өзеннен шығарылған. «Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - деді Софья Қылышбекова.