Атап айтқанда, үш қабатқа дейінгі тұрғын немесе қоғамдық ғимараттардың (жер деңгейінен шатыр жотасына дейінгі биіктігі 12 метрден аспайтын) арасындағы ең аз арақашықтық инсоляция нормаларына және өртке қарсы белгіленген арақашықтықтарға сәйкес айқындалатыны нақтыланды.
Сонымен қатар қағидалар жаңа тармақтармен толықтырылды. Оған сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағы шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жүргізуге жол берілмейді.
Бұл талап жол қызметі нысандарына, сыртқы (көрнекі) жарнамаға, полиция бекеттеріне, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден, шекара және көлік бақылауы бекеттеріне, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттеріне қолданылмайды. Сондай-ақ антенна-діңгек құрылыстарын немесе ұялы және спутниктік байланыс жабдықтарына арналған тіректерді, автоматтандырылған өлшеу станцияларын және талшықты-оптикалық байланыс желілерін орналастыруға рұқсат етіледі.
Бұдан бөлек, К-1 айналма жолының солтүстік бөлігінде, Өндіріс тасжолы бойында, К-1 айналма жолының солтүстік-шығыс бөлігінде, Алаш тасжолы бойында, айналма жолдың шығыс бөлігінде және Астана — Қарағанды тасжолы бойында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен, магистральдық инженерлік желілермен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген нысандарды 2035 жылға дейін салуға жол берілмейді.
Шешім 2026 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Астананың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысы мәселелерін үйлестіру үшін Сәулет-қала құрылысы кеңесін құру жоспарланып отырғанын жазған едік.