Елордада автосервис өртенді
07:56, 10 Қыркүйек 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін таңертең елордалық өрт сөндірушілер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан автосервистегі тілсіз жаумен арпалысты.
Нақтыланған мәлімет бойынша, шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдар жанған.
Өрт сөндірушілер оттан сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды.
Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.