Астанада аяз салдарынан бастауыш сыныптарға сабақ тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1-4 сынып оқушыларының сабақтары аязға байланысты тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1 - 4 сынып оқушыларына сабақ болмайды»,-делінген хабарламада.