Бұл туралы Астананың білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Қала бойынша орташа ауа температурасы - минус 35 градус.
Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) - 35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.