Астанада аяздың салдарынан 1-ші мен 9-шы сыныптар үшін сабақ болмайды

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Астанада шыңылтыр аяздың салдарынан мектептерде 1-ші мен 9-шы сыныптардың оқушылары үшін сабақ болмайды.

Бұл   туралы      Астананың  төтенше жағдайлар жөніндегі  департаментінен  хабарлады.

Ведомствоның ақпараты  бойынша,  минус 28 градустық  төмен температураға   байланысты,  жұма күні   Астана мектептерінде    бірінші ауысымда 1-ші мен 9-шы сынып оқушыларының сабақтарын  тоқтату  туралы шешім қабылданды.