Астанада әйел мен қыз бала иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада әйел мен қыз бала иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 21 қаңтар күні Астанадағы Ахметбеков көшесі бойынша орналасқан жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан 62 жастағы әйел мен 2000 жылғы қыз бала иіс тиіп уланды. Олар ауруханаға жеткізілді.