Астанада әйел мен жаңа туған нәресте газға уланып, ауруханаға түсті

None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада Радищев тұйық көшесіндегі жер үйде пештің ақауы салдарынан ысты газға уланып,

ауруханаға 22 жастағы әйел мен жаңа туған нәресте жеткізілді.

Хабарды ҚР ТӨтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратты.