ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын бұл байрақты бәсекеге Қазақстан, Венгрия, Словения, Украина, Чехия, Ресей, Германия, Қырғызстан, Италия, Грекия, Сербия, Ұлыбритания мен Израильден спортшылар қатыспақ. Ұлттық теннис орталығында өтетін бұл додаға 14 жастан жоғарғы теннисшілер қатысады. Онда ел намысын қорғайтын спортшылар арасында Камила Керімбаева, Залина Хайрутдинова, Дарья Бережная, Наталья Бережная сияқты Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары бар.
09:52, 11 Маусым 2011
Астанада әйелдер арасындағы кәсіпқой теннисшілер турнирі болады
АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада 13-19 маусым күндері Халықаралық теннис қауымдастығының сериясындағы әйелдер арасындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Women's» турнирі өтеді.