Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады: 15-18 қыркүйек аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне қарай, содан кейін 19-23 қыркүйек аралығында Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Айта кетелік Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.