Осы өнер кеші композитордың 70 жасқа толған мерейтойына арналған.
Бұл шараны Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырған.
Осы кеште Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Айтқали Жайымовтың әндері және музыкалық шығармалары орындалады деп күтілуде. Сондай-ақ композитордың ұлы, республикалық конкурстардың лауреаты Арман Жайымның да күрделі музыкалық туындылары көрермен назарына ұсынылмақ.
Айтқали Жайымовтың шығармашылық кеші сағат 19-00-де басталады.