Астанада азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараның мақсаты - еңбек нарығы мен зейнетақымен қамтамасыз ету саласында кепілдіктер мен мемлекет белгілеген құқықтардың орындалу барысын барынша ашық әрі жариялы болуын қамтамасыз ету. «Зубр» әлеуметтік корпоративтік қоры директорының орынбасары Ольга Образцованың айтуынша, еңбек құқықтары жөнінде әңгіме болғанда алдымен азаматтар өздерінің сол құқықтарын қаншалықты біледі деген мәселе төңірегінде ойлану қажет. «Ал біздің еліміздің тұрғындарының 90 пайызы өздерінің құқықтарын білеміз деп есептейді. Сондай-ақ 83 пайызы өздерінің еңбек құқықтарын қорғай аламыз деген пікірде. Алайда өз құқығын білу мен оны қорғай білудің екеуі екі түрлі ұғым екенін есте ұстаған жөн», дейді директордың орынбасары.
Осыған қарай ол елімізде еңбеккерлердің құқықтарын арттыру бойынша көбірек шаралар ұйымдастырып, мүмкіндігінше олардың сауаттылықтарын арттырып отырған жөн. Жиын барысында мәжіліске қатысушылар осы мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.