Астанада «Азаматтық қоғам дамуы» форумы өтеді
заманауи мәселелерді талқылайды. Сонымен қатыр, форум барысында халықаралық тренерлер Қазақстанның мемлекеттік емес ұйымдары мен кітапханалық ұйымдарын қаржы менеджменті, фандрейзинг және азаматтық қоғамда кітапханаларды дамыту жолдары жөнінде оқытады.
Форум бағдарламасына азаматтық бастамалар қолдауы, МЕҰ-секторын дамытудың заманауи үдерістері, медиа-біліктілік және сандық сауаттылық, сонымен қатар фандрейзинг және кітапханалық ұйымдарды жаңарту мәселелері кіргізілді. Форумды ұйымдастырушылардың ойынша, барлық аталмыш аспектілер азаматтық қоғам дамуының нәтижелілігіне ықпал етеді. Форум спикерлері - Астана түлектер ассоциациясы/Astana Alumni Association, Қазақстан азаматтық альянсы, Бас редакторлар клубы, блогосфера қайраткерлері және АҚШ университеттерінің сарапшылары.
«Біз арнаулы түрде форум бағдарламасына практикалық оқыту тренингтерін еңгіздік. Себебі, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қазақстандық кітапханалардың қызметкерелері мен қоғамның белсенді азаматтары фандрейзинг пен қаржы менеджментінен дағдыларын күшейтіп, кітапханалық және ақпараттық ресурстар жөнінде жаңа білім ала алады. Осының барлығы - тегін болады», - дейді Астана түлектері ассоциациясының президенті Әсет Әбдуалиев.