Астанада Әзербайжан фотосуретшілерінің көрмесі ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде «Әзербайжан - ислам әлемінің інжуі» атты фотокөрме салтанатты түрде ашылды. Ол Әзербайжанда жарияланған «Ислам ынтымақтастығы жылы» аясында өткізіліп отыр.

 
Фотокөрмені Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында өтетін Ислам ынтымақтастығының ІV ойындарының ашылуы қарсаңында еліміздегі Әзербайжан Елшілігі ұйымдастырып отыр.
  

Сондай-ақ көрме Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың 10 мамырда тойланатын 94 жылдығына да арналады.

Көрмеге Әзербайжан фотосуретшілерінің 50-ден астам туындысы қойылған.