Онда б.з.д. ҮІІІ ғасырынан біздің дәуірімізге дейінгі түрлі кезеңдерге жататын көне ақшалар қойылған. Атап айтар болсақ, Батыс Түркі қағанатының (б.з. ҮІІІ-ХІ ғғ.), Қараханидтер династиясының (Х-ХІ ғғ.), қола дәуірінің, Шағатайлықтардың (ҮІІІ-ХҮғғ.) Ежелгі Отырардың дирхемдері мен ақшалары, сондай-ақ, қазіргі жүйелі чекан ақшалары бар. Сонымен қатар, бұрын еш жерге қойылмаған Қазақстандағы миллениумді қарсы алу, «С. Мұқановқа 100 жыл», «ҰОС Жеңісіне 55 жыл», «Түркістанның 1500 жылдығы», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» және басқа да айтулы оқиғаларға арналған мерекелік және естелік монеталар көрсетілді.
Ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығын атап өткен тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев: «Қазақстанның ұлттық валютасы мен ақша айналымының бастауы өте ерте замандарға жатады. Оған еліміздің түрлі аймақтарынан табылған көне монеталар, атап айтқанда, Сарайшық қаласынан табылған ХІІІ-ХҮІ ғасырларға жататын дирхемдер дәлел бола алады. Осындағы коллекцияда Қазақстан территориясындағы сауда-экономикалық байланыстың алуан түрлі болғанын көрсетеді», - деді.
Көрме жұмысы 29 қарашаға дейін жалғасады.