Астанада азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі бақылауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Шарын», «Әсем» және «Артём» базарларында «Тұтынушыға қауіпсіз өнім» акциясы өткізілді, деп хабарлады astana.kz.

Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, шара аясында сауда орындарында адамдар күнделікті тұтынып жүрген азық-түліктері мен жеміс-жидектерінің сапасын тексеріп, көп мағлұмат алды. Департамент мамандарының айтуынша, көкөніс өнімдері сатылымға түскелі бері нитраттардың мөлшерін анықтау үшін 1555 сынама алынған. Соның ішінде 7 сынамада (қауын, құлпынай, өрік, жүзімде) нитрат мөлшері шамадан артық болғаны анықталды. Аталған мәселе бойынша, департаментте арнайы тұрақты байланыс желісі қызмет етеді. Ол үшін 31-71-37, 31-79-92, 31-55-02 телефондарына хабарласып, кеңес алуға болады, делінген хабарлама.