Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өнімдер еліміздің әр аймағындағы ірі тауар өндірушілерден сатып алынған.
Бүгінгі таңда арзандатылған азық-түліктер «Шапағат» коммуналдық базарында, «Алма» супермаркеттер желісінде, «Азат» сауда үйінде сатылуда. Атап өтілгендей, мұнда картопты - 60 теңгеден (қала бойынша орташа баға - 85 теңге), қантты - 230 теңгеден (251 теңге), күрішті 190 теңгеден (268 теңге) алуға болады.
Айта кетейік, тұрақтандыру қорына өнімдер маусымаралық кезеңде бағаның қымбаттауына жол бермеу үшін сатып алынады.