Астанада Backstreet Boys концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

Фото: Астана қаласының әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Ертең Астанада әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.

Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады. 

  • «Астаналық цирк» автотұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
  • «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
  • Орталық саябақ автотұрағы;
  • «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.

Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Backstreet Boys концертінде 2,5 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін жазғанбыз.