Астанада «БАҚ, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара қызмет етуінің негізгі басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 23 қарашасында «Ұлттық Академиялық Кітапхана» ғимаратының «Мәжіліс» залында «БАҚ, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ  өзара қызмет етуінің негізгі басымдықтары»  тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылар: «Еуропа құқығы мен адам құқығы  жөніндегі институты» жеке қоры мен  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті.

Дөңгелек үстел жұмысына белгілі қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері: Нұрлан Ерімбетов, Ирак Елекеев, Айгүл Соловьева, Николай Акуев, Кенжеболат Жолдыбай, Еркін Оңғарбаев, Сәуле Құрманбекова және басқалар қатысады және онда БАҚ, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар араларындағы өзара қарым-қатынас мәселелері жөнінде пікір алмасулар болады.