АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Хабар» агенттігінің кубогына арналған дәстүрлі жарыс осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.
Ала доп сайысы «Астана Аренада» 22 қазан күні таңғы 09:00-де басталады. Жарысқа 16 команда қатысады. Астанадағы баспасөз өкілдерінен бөлек, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысының тілшілері де турнирге қатысуға арнайы келе жатыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.