Атап айтқанда, тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, телеарна, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының журналистері қатысады деп күтілуде.
«Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді интернет порталдар», «PR-технологияларда мемлекеттік тілді қолдану ерекшеліктері» тақырыптарын қамтиды. Аталған тақырыптар бойынша осы саладағы жетекші мамандар мен белгілі саясаттанушылар, тіл мамандары, журналистер, қоғам қайраткерлері дәріс оқиды»,-дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шара мазмұнына БАҚ-та мемлекеттік тілдің нормаға сай қолданылуы, тіл мәдениетін жетілдіру, журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері арқау болады. Шара барысында қатысушылар пайдалы ақпарат алмасу, мамандардың кеңесін алу және өзара тәжірибемен, идеямен, ой-пікірмен бөлісу мүмкіндігіне ие болады. Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификат тапсырылады.
Айта кетейік, «Көркем SOYLE» медиа-тренингі 26 - 27 маусымда Астанадағы «Тілеп Қобыз Сарайында» өтеді.