Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бұл шара Қазақстанда оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana.kz . Шара 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне және 12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күнге арналған. Биыл аталмыш науқан «Бала еңбегін бірге жоямыз» ұранымен 1-12 маусым аралығында ұйымдастырылды. Шара аясында Оқушылар сарайында «Балалық шақ бойтұмары», қалалық саябақта «Сәлем, жаз», ҚР Қаржы министрлігінің алдында «Шуақты Астана» атты мерекелік бағдарламалар; «Бала құқықтарының қорғалуы - демократия көрсеткіші», «Бала еңбегі. Барлығы «иә» және «қарсы» атты дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар «Тәуекел топтары» атты жасөспірімдердің қатысуымен өткен балалар еңбегінің алдын алу бойынша психологиялық тренинг; «15 - бала еңбегіне жатпайды», «Бала еңбегі» шаралары ұйымдастырылып, «ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қазақстан Республикасындағы балалар еңбегі туралы бейнежазбасы» көрсетіліп, «Біз бақытты бүлдіршінбіз» атты флеш-моб өткізілді. Жоғары сынып оқушыларының балалар еңбегі мәселесі бойынша хабардар екендігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. «Жұмыс ұсынады? Сенің әрекеттерің» атты тренинг; «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы - балалар құқығын қорғау кепілі» атты ата-аналар жиналысы; «Бала еңбегі - қатыгез шындық» атты семинар және «Біз балалар еңбегіне қарсымыз» атты мектеп оқушыларына дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері құқық қорғау орган өкілдерінің қатысуымен «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы - балалар құқығын қорғау кепілі» атты жиналысты өткізді. Үстіміздегі жылдың 17 маусымына дейін балалар еңбегін пайдалану бойынша жасөспірімдер мен ересектерге заң кеңестері беріледі.
20:21, 14 Маусым 2015
Астанада бала еңбегінің қаналуы мәселелеріне орай заң кеңестері берілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық кампаниясы (ҰАҚ) өткізілді.