Іс-шара шеңберінде балалар панасыздығының алдын алу бойынша оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, алдағы уақытта жағдайлары төмен және берекесіз отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Рейд жүргізу барысында полиция қызметкерлері білім беру органдарының өкілдерімен бірлесе 600 саяжай учаскелерін аралап,тексерді. Нәтижесінде аумақтық ІІБ-на 13 жасөспірім жеткізіліп, соның ішінде 8-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Балаларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындамағаны үшін 9 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел алдын алу іс-шарасының барысында саяжайлық қоғамының аумағының бірінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының асырауындағы кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала анықталды, ішкі істер органдарына профилактикалық есепке тұрғызу үшін 6 берекесіз отбасы жеткізілді. Одан басқа, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы 6 бала анықталды. Алдағы уақытта анықталған фактілер жөніндегі ақпарат Білім басқармасына аталмыш отбасыларға көмек көрсету үшін жіберіледі.