«Қаладағы мектепалды білім беру жүйесінде қалыптасып отырған жағдайды ескерсек, мектепке дейінгі білім беретін педагогтардың алдында тұрған міндет -балабақшадан шыққан балалардың мектепке дайын келуін қамту. Яғни, баланың мектептегі үлгерімі балабақшада алған білімі мен тәрбиесіне тікелей қатысты деген сөз. Сондықтан, балабақша педагогтарының алдында тұрған міндет көп. Бұрын Л.Н.Лумилев атындағы ЕҰУ-де «Әлеуметтік ғылымдар факультеті» осы мамандыққа оқытты да, екі рет түлек шығарған соң, сұраныстың жоқтығынан мамандықты жауып тастады. Бірақ, қазір білімді әрі жаңаша ойлайтын маман табу өте қиын»,-дей келе білім басқармасының басшысы сұранысқа байланысты осы мамандыққа оқытатын факультет ашылатынын жеткізді.
«Биыл жаңа оқу жылында Еуразия Ұлттық университетінің базасында «Мектепке дейінгі педагогика» факультеті ашылып, балабақшалардың тәрбиешілерін оқыта бастайды»,-деп атап өтті Э.Суханбердиева.