Тұңғыш рет өткізіліп отырған көрмеге балалардың қылқаламынан шыққан 50 сурет, сурет салу барысында түсірілген бүлдіршіндердің 27 фотосуреті, сондай-ақ «Әлем балалары сурет салады. Қазақстан» атты қазақстандық бүлдіршіндердің суреттері енген альбом қойылды.
Бұл альбом ЮНЕСКО-ның бастамасымен көптеген жылдар бойы жарық көріп келеді.
Көрмеге қатысқан балалардың дені қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары.
Көрме 27 наурыз бен 3 сәуір аралығында жұмыс жасайды.