Астанада балабақшаға қабылдау 4 маусымда басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында 4 маусымнан бастап жаңа 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда топтарға жоспарлы қабылдау басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әкімдіктің мәліметінше, биыл балабақшаларда 28 826 орын ашу жоспарланған.

Атап айтсақ, бала жасына байланысты бос орындар тізбесін төмендегідей. 

- 1-2 жасқа – 147 орын;
- 2 - 3 жасқа – 8 397 орын;
- 3 - 4 жасқа – 8 253 орын;
- 4 - 5 жасқа – 6 645 орын;
- 5 - 6 жасқа – 5 350 орын;
- 6 - 7 жасқа – 34 орын.

Осы жылдың 2 мамырынан бастап барлық мемлекеттік балабақшаларда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналарға кеңес беру орталықтары ұйымдастырылды.