Астанада балабақшаға жапсарлас ғимарат өртеніп, 83 адам, соның ішінде 68 бала қауіпсіз жерге шығарылды

None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада балабақшаға жапсарлас салынған әкімшілік ғимаратта өрт болды, 83 адам, соның ішінде 68 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, 7 желтоқсан күні түсте, Сарыарқа ауданы, Конституция көшесінде орналасқан үш қабатты балабақшаға жапсарлас салынған бір қабаттан тұратын әкімшілік ғимараттан өрт шықты. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 5 техникасы тілсіз жаудың ошағын 27 минутта жойып, тағы 20 минуттан кейін оны толығымен ауыздықтады. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.