Астанада балабақшаларға электрондық жолдама жүйесі енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап Астананың балабақшаларына жолдамалар www.e.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде берілетін болады. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, ата-аналарға үйлерінен шықпай-ақ жолдама алуға мүмкіндік береді.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта жүйе пилоттық режімде жұмыс істеуде, мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік балабақшаларға жолдамалар берілуде. Мемлекеттік балабақшаларға жолдамалар беруге қатысты ата-аналардың байланыс мәліметтер қорын өзектендіру мәселесі пысықталуда.

Орындарды үлестіру ересек топтарды мектепке шығарып салған соң жыл сайын жүргізілетін болады.