Астанада балабақшаларға топтарды жасақтау шаралары маусым айында жүргізіледі
деп хабарлады елордалық әкімдіктің ресми сайтынан.
Бүгінде Астанада мемлекеттік балабақшалардан орын алуға кезекке тіркелген бүлдіршіндердің саны - 40 мың. Олардың 28 мыңы балабақшаға қабылдана бастайтын жасқа - екіге толғандар.
Осыған орай, әкімдік Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне топтарды жасақтау 2011 жылы 2-17 маусымда Конституция көшесі, 44 үй мекен-жайы бойынша орналасқан № 26 орта мектептің ғимаратында жүргізілетінін хабарлайды.
«Ескертпе қағаздарында көрсетілгендей, Астана тұрғындары өз балаларының кезек нөмірін әр жастағы топқа жасақтау кестесіне сай нөмірімен тексерулері керек», -делінген сайт ақпаратында.
Ата-аналардың мына жайды есте ұстағандары абзал: егер балабақшаға орын бөлу барысында оларға ұсынылған балабақшаның орналасқан жері жайсыз болатын болса, олар жолдамадан бас тартуға құқылы. Олардың балаларының кезегі сақталады. Келесіде оларға басқа балабақшадан басым тәртіпте ұсынылатын болады.
Балабақшалардың орын тығыздығына байланысты тұрғылықты мекен-жай бойынша жақын жердегі балабақшаға жолдама беру жөніндегі өтініштердің барлығы бірдей орындала қоймайды.
Балабақшаға жеңілдік бойынша жолдама алуға үміткерлерге бөлек қабылдау күндері белгіленген. Бұл санат бойынша азаматтар орын бөлу басталғанға дейін Білім басқармасының кеңсесіне тіркеліп, құжаттарының көшірмесін қолдаухатпен бірге өткізеді.