Жарыстар күнде сағат 9-да басталып, сағат 20-ға дейін жалғасады. Турнирдің ұйымдастырушылары - Астана қаласы Теннис федерациясының филиалы және «Дәулет» спорткомбинаты.
«Қызғылт доп» турнирі жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Спорт жарысының ережелері қатаң регламенттеледі.
«Турнирді өткізудегі мақсат - елде балалар теннисін насихаттау және дамыту, жас спортшыларды көптеп тарту және бейімделген ойын формасы, арнайы инвентарь, жаттығу процесі мен жарысты ұйымдастыру есебінен қызығушылықтарын ояту, және 10 жасқа дейінгі балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.