Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, конкурсқа Астана, Қарағанды, Екібастұз және Ақкөл қалаларындағы «Қиын өмір жағдайына тап болған балаларды қорғау» орталықтарының балалары қатысқан.
Келіп түскен 66 суреттің ішінен екі жас санаты бойынша 8 жеңімпаз іріктеп алынған.
Жеңімпаз атанған өнерлі балаларға жарыс кубогымен бірге бағалы сыйлық сертификаты табысталды.
Ұйым аясындағы Африка жылының аяқталуына байланысты конкурс тақырыбы да қыссыз құрлыққа арналған екен.
5-10 жас аралығындағы балалар «Африка қалай елестетесіз?» деген сұраққа қылқалам арқылы жауап беругі тырысқан.
Ал 11-16 жас аралығындағы өрендерге «Африкадағы досыңа не сыйлар едің?» деген сұрақ қойылыпты.
IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет аталған төрт орталықтағы 250 баланың бәріне Magnum Cash & Carry компаниясымен серіктестік аясында алынған сыйлықтар жолданатынын айтты.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігінің демеушілігімен тәтті сыйлықтар табысталмақ.
«Бұл шараны 2023 жылдан бастап ұйымға мүше елдердің бәрінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту проблемаларына балалардың көзімен қарағымыз келеді», - деді Ерлан Байдәулет марапаттау сәтінде.